Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 473,7 546,1 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Өскемендегі жойқын апат: Ахмироводағы сөнген жарық пен әкімдіктің салғырттығы Бектенов импортты алмастыратын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Өскемендегі жойқын апат: Ахмироводағы сөнген жарық пен әкімдіктің салғырттығы Бектенов импортты алмастыратын тауарлардың тізімін жасауды тапсырды

    Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды

    Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды

    Фото: telegram.org

    «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры қызметіне Мұрат Тұрдыбеков тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Мұрат Тұрдыбеков Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ «Болашақ» университеті мен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында білім алған.

    Ол әр жылдары Мұнай және газ министрлігінде бас сарапшы, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек, Павлодар мұнай-химия зауытында және «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінде бас менеджер болып еңбек еткен.

    Мұрат Тұрдыбековтің соңғы жұмыс орны – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және мұнай өнімдері маркетингі департаментінің сыртқы сауда операциялары басқармасы. Ол аталған басқарманың басшысы қызметін атқарған.

    Айта кетейік, «KC Energy Group» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың CNPC компаниясы құрған бірлескен кәсіпорын. Компания шикі мұнай сатып алудан бастап, оны өңдеу және мұнай өнімдерін Қазақстан аумағында көтерме саудада өткізуге дейінгі толық жеткізу циклімен айналысады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →