Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 3 тамыз 2026 $ 474,2 546,9 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 3 тамызда электр энергиясы мен ыстық су уақытша өшіріледі Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді салтанатпен қарсы алуға тыйым салуды ұсынды «Мынау басқа шықты ғой»: Асаба Сабыржан тағы да қатаң сынға қалды Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толды: өмірдің шынайы байлығы неде екенін айтты «Әркімнің пікірін құрметтеймін»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын сынағандарға жауап берді «Түркияға табыс табуға кеткен»: Ақтөбелік жігіт Грекияда 125 жылға сотталып кетті Астанада 3 тамызда электр энергиясы мен ыстық су уақытша өшіріледі Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді салтанатпен қарсы алуға тыйым салуды ұсынды «Мынау басқа шықты ғой»: Асаба Сабыржан тағы да қатаң сынға қалды Сәбит Әбдіхалықов 53 жасқа толды: өмірдің шынайы байлығы неде екенін айтты «Әркімнің пікірін құрметтеймін»: Димаш Құдайберген жаңа туындысын сынағандарға жауап берді «Түркияға табыс табуға кеткен»: Ақтөбелік жігіт Грекияда 125 жылға сотталып кетті

    Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді салтанатпен қарсы алуға тыйым салуды ұсынды

    Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді салтанатпен қарсы алуға тыйым салуды ұсынды. Ол бұл пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында білдірді.

    Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді салтанатпен қарсы алуға тыйым салуды ұсынды

    Сурет: alash.kz

    Қазақстандық белгілі әнші Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді музыканттар мен аниматорларды шақырып, айрықша салтанатпен қарсы алуға тыйым салуды ұсынды. Бұл пікірін ол әлеуметтік желідегі парақшасында білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесінің айтуынша, перзентхана — қуаныштың ғана емес, кейбір отбасылар үшін ауыр сынақтың орны. Бір палатада жаңа өмір есігін ашқан ана жатса, екіншісінде біреу ауыр қайғымен бетпе-бет келуі мүмкін. Сондықтан айналадағы адамдардың көңіл-күйін ескеру — әркімнің парызы деп санайды.

    «Перзентхананың алдында, музыканттар мен аниматорларды шақырып, сәбиді сән-салтанатпен қарсы алуды дұрыс деп санамаймын. Өйткені перзентхана – тек қуаныштың емес, кейбір отбасылар үшін ауыр сынақтың да орны. Бір бөлмеде жаңа өмір есігін ашып жатса, екінші бөлмеде біреу үлкен қайғыны бастан өткеріп жатуы мүмкін. Осындай сәттерде айналадағы адамдардың көңіл күйін де ескерген дұрыс», — дейді ол.

    Оның ойынша, мұндай қуанышты отбасы аясында, үй жағдайында тыныш өткізген немесе нәрестенің 40 күндік тойын күткен әлдеқайда жарасымды. Перзентханада әртүрлі жағдайдағы, соның ішінде сәбиінен айырылып, қайғыға батқан аналардың да бар екенін естен шығармаған жөн.

    Әнші: «Перзентханадағы әрбір ананың арманы — дүниеге дені сау сәби алып келу. Сол сәбиді қарсы алу үшін туыстары перзентхананың алдында тойлап жатады. Ал ол жердің ішінде әртүрлі жағдайдағы аналар бар екенін ескере ме?! Ол жерде сәбиін жоғалтып жатқан аналар бар», — деп атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →