Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы Демалыстағы полицей Қарағандыдағы өрттен бес баланы құтқарды Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы пікір білдірді Гүлзира Айдарбекова ағасының бауыры мен жүрегінде 90 пайыз тромб барын айтты Қазақстанда тамызда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы Демалыстағы полицей Қарағандыдағы өрттен бес баланы құтқарды Ақтөбелік Нұрхан Қадыров Грекияда 125 жылға сотталған ұлын қайтаруды өтінді Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі туралы пікір білдірді Гүлзира Айдарбекова ағасының бауыры мен жүрегінде 90 пайыз тромб барын айтты Қазақстанда тамызда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

    Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы

    Әнші Жазира Байырбекова перзентхана алдындағы сән-салтанатты қарсы алуды қолдамайтынын жеткізіп, мұндай шараларды шектеуді ұсынды.

    Жазира Байырбекова перзентхана алдында той өткізуге қарсы

    Сурет: aikyn.kz

    Әнші Жазира Байырбекова перзентхана алдында ана мен сәбиді думандата қарсы алуды қолдамайтынын айтты, – деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оның ойынша, бұл әрекет сәбиінен айырылған аналардың психологиялық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сол себепті әнші медициналық мекеме алдындағы мұндай іс-шараларға шектеу қойылғанын қалайды.

    «Перзентхананың алдында, музыканттар мен аниматорларды шақырып, сәбиді сән-салтанатпен қарсы алуды дұрыс деп санамаймын. Өйткені перзентхана – тек қуаныштың емес, кейбір отбасылар үшін ауыр сынақтың да орны. Бір бөлмеде жаңа өмір есігін ашып жатса, екінші бөлмеде біреу үлкен қайғыны бастан өткеріп жатуы мүмкін. Осындай сәттерде айналадағы адамдардың көңіл күйін де ескерген дұрыс. Қуанышты ешкім шектемейді. Бірақ оны жақындарыңмен үйде, тыныш әрі әдемі атмосферада атап өтсе, тіпті 40 күннен кейін өткізсе де, әлдеқайда жарасымды көрінеді. Перзентханадаңы әрбір ананың арманы — дүниеге дені сау сәби алып келу. Сол сәбиді қарсы алу үшін туыстары перзентхананың алдында тойлап жатады. Ал ол жердің ішінде әртүрлі жағдайдағы аналар бар екенін ескере ме?! Ол жерде сәбиін жоғалтып жатқан аналар бар. Сондықтан перзентхана басшыларынан сұрайтыным — перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен. Сәкен Майғазиев пен Динара құрбым секілді сәби қырқынан шыққаннан кейін де үйде той жасауға болады», — дейді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →