Жезқазғанда ашық құдыққа жылқы құлады: шенеуніктер қашанға дейін уәдемен алдайды?
Жезқазғанда ашық құдыққа жылқы түсіп, құтқарушылар оны шығарды. Тұрғындар шенеуніктердің уәдесіне сенбей, қауіпсіздік шараларын талап етуде.
Видеодан кадр
Жезқазғанның шетінде ашық жатқан кәріз құдығына жылқы түсіп кетіп, өз бетінше шыға алмай қалды. Жедел жеткен құтқарушылар жануарды ажалдан аман алып шықты. Әйтсе де бұл оқиға қала тұрғындарының ашу-заңын туғызып, жергілікті биліктің салғырттығын тағы бір мәрте әшкереледі. Шудан кейін қалалық ТҮКШ бөлімі Батыс ауданына 200 құдық қақпағы сатылып алынғанын айтып, жақын арада бәрін жабамыз деп ақталды. Алайда халық осыған дейін талай айтылған мұндай құр сөзге сене беруден әбден шаршаған. Адам немесе мал құдыққа құлап мертікпейінше, коммуналдық қызметтің қимылдамайтыны қашанға дейін созылмақ?
Видео: halyqpress.kz
