Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,38 теңгеге арзандап, 474,63 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 477,17 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 469,00 теңгеден сатып алынады, 476,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 534,00 теңге, сату — 544,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,57 теңге, сату — 5,77 теңге.
— юань: сатып алу — 68,78 теңге, сату — 73,23 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,37 теңгеден сатып алынады, 475,58 теңгеден сатылады. Еуро 536,00 – 544,57 теңге, ал рубль 5,63 – 5,77 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,66 теңгеден сатып алынады, 71,15 теңгеден сатылады.
