Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Үйіңіздегі есептеуіштер өзгереді: Коммуналдық төлемдерді бақылаудың жаңа жүйесі енгізілмек

    Үйіңіздегі есептеуіштер өзгереді: Коммуналдық төлемдерді бақылаудың жаңа жүйесі енгізілмек

    Фото: видеодан скрин

    Қазақстанда жарық, су және жылу ақысын есептеудің бірыңғай жүйесі құрылады. Алдымен көпқабатты үйлерге ортақ есептеуіш аппараттар орнатылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вицеминистрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді. Көпқабатты үйлердің тұрғындары жиі кездестіретін «коммуналдық төлем неге сәйкес келмейді?» немесе «артық ақша жазылып кеткен бе?» деген сұрақтар шешімін табуы мүмкін.

    Өйткені Үкімет коммуналдық салаға цифрлық бақылау орнатпақ.

    Бұл халыққа не береді?

    Ортақ есептеуіштер орнатылады: Алғашқы кезеңде көпқабатты үйлердің астына (подвалға) бүкіл үйдің тұтынуын көрсететін ортақ аспаптар қойылады. Оны тұрғындар емес, монополиялық компаниялар өз есебінен орнатады. Барлық дерек бір жерде жиналады: Кімнің қанша су, жылу немесе жарық жұмсағаны автоматты түрде бірыңғай жүйеге түседі. Оны ешкім қолдан өзгерте алмайды, бәрі ашық болады. Ақаулар тез жойылады: Жүйе қай жерде қуат жетпей жатқанын немесе қай жерде ысырап болып жатқанын бірден көрсетіп отырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →