Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

    Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды
    Фото: istockphoto.com

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Екібастұздағы Әуезов көшесі, 24-ші үй мекенжайындағы пәтерлердің бірінің есігін полицияның Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бұзып кіруге мәжбүр болған. Пәтер ішінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйел адамның мүрдесі (аяқ-қолдарының жоғарғы және төменгі жақтары кесілген) табылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

    — Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

    Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →