Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады

    Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұлттық мектеп мәртебесі, білім бағдарламасының өзгерістері және «Адал азамат» бағдарламасы туралы айтты.

    Жұлдыз Сүлейменова: ұлттық мектеп мәртебесі және білім бағдарламасының өзгерістері

    Сурет: alash.kz

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістер жайында сұхбат берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Министрдің айтуынша, «ұлттық» мәртебесі қаржыландыру тетіктерімен тығыз байланысты. Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйесіндегі ұлттық музейлер, театрлар және өнер ұжымдары мемлекеттік қолдауға ие. Жоғары білім саласында ұлттық университет мәртебесі басқа мемлекеттік жоғары оқу орындарынан жоғары тұр. Мұндай оқу орындары маман даярлаудағы тәжірибесімен және дәстүрімен ерекшеленеді.

    Орта білім беру жүйесінде «ұлттық мектеп» мәртебесін айқындайтын заңдық тетік болмаса да, бұл ұғым қалыптасып келеді. Оның негізін Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушылары қалады. Министрдің пікірінше, ұлттық мектеп – ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетке сүйене отырып, мемлекеттік білім саясатын жүзеге асыратын модель. Қазір осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

    Министрлік білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарауда. Бұл жұмыс мектепке дейінгі тәрбиеден басталады. «Күншуақ» бағдарламасы зерделенді. Мақсат – балабақшадан бастап балаларды ұлттық рухани құндылықтармен сусындату. Мектеп тек сабақ өтетін орын емес, ұстаз бен оқушының мәдениеті қалыптасатын орта болуы керек.

    Қазақстанда 8 мыңға жуық мектеп бар, сондықтан олардың бәріне «ұлттық мектеп» мәртебесін беру мүмкін емес. Бұл ұғым білім мазмұнына байланысты. Абай мектебінің статусы ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тарихи әділеттілік орнады. Тәуелсіздік жылдары ғимаратынан айырылған мектептің тынысы қайта ашылып келеді. 1957 жылдан бері тарихы бар, талай тұлға тәрбиелеген білім ордасын сақтап қалу дұрыс шешім болды. Бұл «Заң және Тәртіп» пен «Әділетті Қазақстан» қағидаттарының нақты көрінісі, – деді Жұлдыз Сүлейменова «Ana tili» газетіне берген сұхбатында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →