Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды
Фото: magic.com
Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 шілдеде Ақсу-Жабағылы ауылында болған.
— Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен, — делінген хабарламада.
Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел медициналық жәрдем қызметі, полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылды.
Құтқарушылар баланың денесін сыртқа шығарды.
