Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Румыниядағы жаңа елшілері тағайындалды Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды «3-4 қызбен қатар кездесіп жүрдім»: Жігер Ауыпбаев қуатын бөлісу үшін қыздарды жиі іздегенін ашық айтты (ВИДЕО) Ерке Есмахан Баян Алагөзованың үйіне қонаққа барды Жалған жарнамаға сенген ақтөбелік Литвада қаңғып қалды Жоламандағы сүт фермасындағы апат: алты адам қаза тапты, төртеуі бір отбасынан

    Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды

    Атырауда баласына алимент төлемеген азамат сотталды

    ІІМ Атырау қаласында өз баласына ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарған азаматқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

    ІІМ мәліметінше, Сот шешімімен ол 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, сондай-ақ 7 миллион теңгеден астам алимент берешегін өтеуге міндеттелді. Қазіргі уақытта сотталған азамат Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынып, оған сот жүктеген міндеттердің орындалуы бақылауға алынған.

    Пробация қызметкерлері азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізіп, заң талаптарын сақтау, берешекті өтеу және қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандардың айтуынша, алимент төлеу – жай ғана қаржылық міндет емес, бұл әрбір ата-ананың баласы алдындағы заңмен бекітілген әрі адамгершілік жауапкершілігі.

    Алименттен жалтару тек әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қоймай, ең алдымен баланың құқықтары мен әл-ауқатына кері әсерін тигізеді. Пробация қызметі сотталған азаматтардың қоғамнан оқшауланбай түзелуіне, заң талаптарын орындауына және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →