Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді 22 шілдедегі Қазақстан ауа райы болжамы Ұлыбританияның жетінші премьер-министрі Энди Бернем Атыраудағы кәріз жөндеуіне қатысты сыбайлас жемқорлық ісінің жаңа мәліметтері Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді Иран ИИРКК АҚШ базасы мен Amazon деректер орталығына соққы жасады Болгария Иран қарсылығына қарамастан АҚШ ұшақ-жанармайқұйғыштарын орналастыруға рұқсат берді 22 шілдедегі Қазақстан ауа райы болжамы Ұлыбританияның жетінші премьер-министрі Энди Бернем Атыраудағы кәріз жөндеуіне қатысты сыбайлас жемқорлық ісінің жаңа мәліметтері

    Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді

    Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек әке орнын басқан ағасының 70 жылдығына орай жүрекжарды жазба жариялады. Ол әмеңгерлік дәстүрі туралы баяндады.

    Мұхамеджан Тазабек ағасының 70 жылдығына арнап жылы лебіз білдірді

    Сурет: sn.kz

    Айтыскер ақын, психолог әрі қоғам белсендісі Мұхамеджан Тазабек әке орнын басқан туған ағасы Бақытжанның 70 жасқа толуына орай жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оның сөзінше, әкесі дүниеден өткен соң анасы қазақтың әмеңгерлік дәстүрі бойынша қайнысы Бақытжанмен шаңырақ көтерген.

    «Бүгін әке орынындағы әкем, анамның жары, немерелерінің атасы, шөберелерінің бабасы — Бақытжан тәтем (Таразда көкені “тәте” деп айтамыз) 70 ке толып жатыр. Марқұм әкем өмірден өткесін, анам жесір қалады. Көп өтпей, үлкендердің ұйғарымы, екі жақтың батасы, жүректердің қалауымен туған бауыры әмеңгерлікпен ақ некесін қиып алады. Содан бері жарты ғасырға жуық уақыт әке орынына бізге әке боп, өз кіндігінен де ұрпақ өрбітіп, шаңырағымыздың отағасы боп келеді. Енді міне, әулетіміздің де ақсақалына айналды», — деп жазды ол.

    Қоғам белсендісі Бақытжан ақсақалдың ешқашан алаламағанын, барлық бастамасына демеу беріп, анасымен тату-тәтті өмір сүріп келе жатқанын атап өтті.

    «Аллаға шүкір! Бетімізден қаққан жоқ, үлкен жүрегімен аялап, әр бастамамызға қолдау білдіріп, осы күнге дейін сыйластықпен келе жатырмыз. Анамызбен жарасып, ұл-қыздарының жақсылығын көріп жатыр. Батыспен де, шығыспен де құда болды, қажылығын өтеді, ағайынмен арасы жақсы, бір сөзбен айтқанда — бір жігіттің бақытын басынан өтеріп жатқан тұлға!Үйдің үлкені мен. Менен кейінгі ұлдары да “әке” деп бәйек боп, қызметіне жарап тұр. Айдын — ұстаз! Құраннан сабақ беріп, ағартушылықпен айналысып, көпке шуақ шашуда. Кенже ұлы — Айдос! Қара шаңырақтың иесі. Сүйкімді немерелер сыйлап, күндіз-түн ата-анасының бабын жасап, батасын алуда. Екі қыз орынын тапқан. Жиендермен қыдырып, келіп-кетіп тұрады. Бүгін Қарағандыдан келе сала, ұрпақтары алдынан шығып, дастархан жайып, тосын сый жасапты…. Сол қуаныштан үзік видео…», — деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

    Соңында ол ата-анасына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, ұрпақтарының қызығын бірге көре беруге тілектестік білдірген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →