Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО-да жас жігіт 74 жастағы әжейді пышақтап өлтірді Елге шетелдік көліктерді әкелуге шектеу күшейеді Қытай көліктері қаптады: Өндірушілер уәдесі мен нарық шындығы арасындағы алшақтық Министрлік сырт айналды: Коммерциялық баспана бағасы жекелердің қанжығасында кетпек пе? «Менің ондай бала тууым мүмкін емес!»: Төреғалидің әйелі ерекше қызы туралы айтты (ВИДЕО) Бектенов заңсыз әкелінетін көліктерге тосқауыл қоюды тапсырды СҚО-да жас жігіт 74 жастағы әжейді пышақтап өлтірді Елге шетелдік көліктерді әкелуге шектеу күшейеді Қытай көліктері қаптады: Өндірушілер уәдесі мен нарық шындығы арасындағы алшақтық Министрлік сырт айналды: Коммерциялық баспана бағасы жекелердің қанжығасында кетпек пе? «Менің ондай бала тууым мүмкін емес!»: Төреғалидің әйелі ерекше қызы туралы айтты (ВИДЕО) Бектенов заңсыз әкелінетін көліктерге тосқауыл қоюды тапсырды

    Үкімет ескерткен еді: Түркістанда лимиттен тыс егілген күріш алқаптары сусыз қалды

    Үкімет ескерткен еді: Түркістанда лимиттен тыс егілген күріш алқаптары сусыз қалды

    Фото: gov.kz

    Өткен жылдың желтоқсан айында-ақ Премьер-Министр Олжас Бектенов оңтүстік өңірлердің әкімдіктеріне былтырғы су тапшылығының қайталануына жол бермеу жөнінде нақты тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Күтіліп отырған су аздығына байланысты өңірлерге алдын ала су пайдалану лимиттері бекітілді. Сондай-ақ ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын қысқарту, бекітілген көлемнен тыс егін егілмеуін қамтамасыз ету және суару жүйелерін алдын ала дайындау міндеттелді.

    Алайда жергілікті жерлерде бұл талаптарға тиісінше мән берілмегенге ұқсайды.

    Соның бір дәлелі – суару науқаны қызған шақта Түркістан облысында 35-ке жуық шаруа қожалығы сусыз қалып, соның салдарынан шамамен 600 гектар күріш алқабы зардап шекті. Бұған күріштің бекітілген лимиттен тыс, келісілген жоспарға қайшы егілгені себеп болды. Демек, мемлекет бұл алқаптарға су жеткізуге бастапқыда-ақ кепілдік бермеген.

    Бұл жөнінде диқандар алдын ала ескертілген еді. Егіс науқаны басталмай тұрып Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлер бойынша су пайдалану лимиттерін бөліп, егіс көлемдерін келіскен. Сонымен қатар бекітілген көлемнен тыс су берілмейтіні және мұндай жағдайда келтірілген шығын өтелмейтіні ашық мәлімделген болатын.

    Өз кезегінде мемлекет өзіне жүктелген міндеттерді толық орындады. Барлық оңтүстік өңірлер үшін су пайдалану лимиттері бекітіліп, күріш егісінің көлеміне шектеу қойылды және суару жүйелерін дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1 840 шақырымға жуық каналды тазалап, жүздеген шақырым суару желілерін қайта жаңғыртты, гидротехникалық нысандарға жөндеу жүргізді. Сонымен қатар суды цифрлық есепке алу жүйесі енгізіліп, электрондық келісімшарттар мен ғарыштық мониторинг кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

    Бұл жұмыстар күрделі жағдайда атқарылды. Сырдария өзені бассейніндегі су көлемінің азаюына байланысты Қазақстанға келетін су мөлшері орташа көпжылдық көрсеткіштің шамамен 70 пайызы деңгейінде ғана болады деп болжануда. Соған қарамастан, шілде айының басына қарай оңтүстік өңірлердегі су қоймаларында былтырғыдан да көп су жиналып, бекітілген лимиттер шеңберінде шаруаларды қажетті сумен қамтамасыз ету мүмкін болды.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі де егіс құрылымын алдын ала қайта қарады. Биыл алғаш рет ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі шаруалардың қалауына емес, нақты су қорына қарай есептелді. Нәтижесінде еліміз бойынша күріш егісінің көлемі 20 мың гектардан астам қысқартылып, оның орнына су үнемдеу технологияларын қолдану аясы кеңейтілді.

    Осы тұста заңды сұрақ туындайды: егер барлық шектеулер алдын ала белгілі болса, неге кейбір шаруашылықтар күрішті бекітілген лимиттен тыс екті? Ал Үкімет тапсырмаларының орындалуын бақылауға міндетті әкімдіктер өткен жылғы жағдайдың тағы да қайталануына неге жол берді?

    Бүгінде шығынды ең алдымен қарапайым шаруалар тартып отыр. Ал әкімдіктер Үкіметтің барлық тапсырмасы толық орындалды деп мәлімдегенімен, нақты жағдай мүлде басқа көріністі байқатып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →