Грузия мен Түркия шыдаған көлік Атыраудың жолында қирады: Сапардың соңы 340 мың теңге шығынмен аяқталды
Фото: видеодан скрин
Шетел асып, Грузия мен Түркияның тас жолдарын кедергісіз басып өткен жүргізуші өз еліне оралғанда күтпеген соққыға тап болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Атырау мен Құлсары арасындағы сапасыз жолдың кесірінен көліктің қос дөңгелегі бірдей жарамсыз болып, жарылып кеткен. Өзге елдердің мыңдаған шақырым магистралын аман еңсерген жолаушылар дәл өз жерімізде мұндай масқараға кезіккендеріне кейиді.
Амалсыздан сапарды тоқтатуға мәжбүр болған жүргізуші Ақтаудан 340 000 теңгеге жаңа дөңгелектерге тапсырыс берген. Шет елдің инфрақұрылымымен салыстырғанда жергілікті тас жолдың сиқы қарапайым халықтың қалтасын қағып, әбден сорына айналды. Шетелдің мыңдаған шақырымына төтеп берген көліктерді өз жерімізде тас-талқан ететін бұл жолдар — «ҚазАвтоЖолдың» жылдар бойы халықты тақырға отырғызып келген сапасыз жұмысы мен жауапсыздығының айқын дәлелі.
Видео: @ze_kulsary
