Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алакөлдегі апат: екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

    Алакөлдегі апат: екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скриншот

    Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында екі гидроциклдің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бірі ауыр жарақат алды.

    Оқиға Алакөл ауданына қарасты Ақши ауылындағы демалыс аймақтарының бірінің маңында болған.

    Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы кешкі уақытта тіркелген. Соқтығыс салдарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмса, екінші адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →