Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 20 шілде 2026 $ 470,5 538,2 6,01
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әкімдік бордюрді тізіп қойған: Ақтөбедегі «Алтынорда» тұрғындары батпақ кешіп өмір сүруге мәжбүр Грузия мен Түркия шыдаған көлік Атыраудың жолында қирады: Сапардың соңы 340 мың теңге шығынмен аяқталды Таяу Шығыстағы шиеленістен мұнай бағасы қайта қымбаттады Қайын жұртын қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиев жазасын «Қара бүркіт» түрмесінде өтеуі мүмкін СҚО-да 4 жылдан бері су жоқ: Тұрғындар күніне бір күбі сумен отыр «Тағдырың тарам-тарам болып…»: Дариға Бадықова тым ашуланшақ болғанын мойындады Әкімдік бордюрді тізіп қойған: Ақтөбедегі «Алтынорда» тұрғындары батпақ кешіп өмір сүруге мәжбүр Грузия мен Түркия шыдаған көлік Атыраудың жолында қирады: Сапардың соңы 340 мың теңге шығынмен аяқталды Таяу Шығыстағы шиеленістен мұнай бағасы қайта қымбаттады Қайын жұртын қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиев жазасын «Қара бүркіт» түрмесінде өтеуі мүмкін СҚО-да 4 жылдан бері су жоқ: Тұрғындар күніне бір күбі сумен отыр «Тағдырың тарам-тарам болып…»: Дариға Бадықова тым ашуланшақ болғанын мойындады

    Қазақ мұнайы бар КҚК танкерлері шабуылдалды

    КҚК терминалында мұнай тиеген екі танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады. Энергетика министрлігі кемелерде қазақстандық мұнай болғанын растап, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

    Қазақ мұнайы бар КҚК танкерлері шабуылдалды

    Сурет: infohub.kz

    19 шілдеде Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында мұнай тиеп жатқан «ASIA» және «NISSOS IOS» танкерлеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады. Бұл кемелерге қазақстандық мұнай тиелгені расталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Қазақстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, танкерлер бортында халықаралық экипаждар болған. Шабуыл салдарынан кемелерде өрт шығып, экипаж күшімен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ВПУ-1 және ВПУ-3 сыртқы бекіту құрылғылары зақымданбаған, мұнай төгілуіне жол берілмеген.

    Қазіргі уақытта терминалда мұнай тиеу тоқтатылды. Оқиғаның салдарын бағалау жүріп жатыр. Тиеуді қайта бастау туралы қосымша ақпарат кейін беріледі.

    Министрлік мұндай шабуылдарды сыни энергетикалық инфрақұрылымның азаматтық нысандарына қарсы жасалуын жол берілмейтінін атап өтті. Халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тәуекел туғызады, энергетикалық ресурстармен халықаралық сауданы бұзады және жобаға қатысушылардың экономикалық мүдделеріне зиян келтіреді деп мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →