Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды
Фото: ҰОК
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұқан бірінші белдесуінде ресейлік Абдулрашид Садулаевтан 4:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының басты фавориттерінің бірі саналған Ризабектің қола жүлдеге таласуға үміті бар. Ол үшін Садулаев финалға дейін сүрінбей жетуі керек.
Айта кетейік, Абдулрашид Садулаев – Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің алты дүркін чемпионы. Ол осы әлем чемпионатында 97 келідегі негізгі төрт фавориттің бірі.
