Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр •

    1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды

    1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды

    Фото: depositphotos.com

    Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлер мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде салық төлемеген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Прокуратураның мәліметінше, кәсіпкерлер 2022-2025 жылдары 127 келісімшарт аясында жер қойнауын пайдаланған. Алайда олардың толық көлемде салық төлемегені анықталды.

    «Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде 600 миллион теңгеден астамы өтелді. Сонымен қатар, 29 компания жалпы сомасы 250 миллион теңгеге қосымша салық декларациясын өз еркімен тапсырды. Қазіргі уақытта қалған салық міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

    Мемлекетке төленуі керек салықты бақыламағаны үшін салық қызметінің үш қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →