Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада заңсыз әрекетке барғандар құрықталды Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Астанада заңсыз әрекетке барғандар құрықталды Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесіп, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты талқылады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары барысында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесуде Қазақстан Таиландты Азиядағы маңызды серіктестердің бірі санайтыны айтылды. Елдер арасындағы экономикалық ықпалдастықтың зор әлеуеті бар. Ағымдағы жылдың төрт айында тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 пайызға өсіп, 110 миллион доллардан асты.

    Президенттің пікірінше, бұл көрсеткішті одан әрі арттыруға болады. Аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен сауда көлемін ұлғайтуға мол мүмкіндік бар. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін екі ел үкіметтері арасындағы байланысты жандандыру ұсынылды.

    Тағы бір маңызды бағыт – туризм. Таиланд қазақстандықтар арасында ең танымал бағыттардың бірі. Өткен жылы 150 мыңнан астам отандасымыз бұл елге барған. Қазақстан болса, таиландтық туристерге қысқы демалысты қоса алғанда, бірегей мүмкіндіктер ұсына алады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →