Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

    Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев

    Аймақтағы жобаларды Қазақстанның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес — Ильхам Әлиев

    Каспий маңындағы ірі жобаларды Қазақстан мен Әзербайжанның белсенді қатысуынсыз іске асыру мүмкін емес. Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев IV Шуша жаһандық медиафорумының ашылу салтанатында мәлімдеді.

    Саясаттанушы Әділ Сейфуллиннің сұрағына жауап берген ол екі елдің арасында тығыз әріптестік орнағанын атап өтті. Бүгінде порт инфрақұрылымын дамытуға қос тараптан да қызығушылық жоғары. Әзербайжан басшысы бұған дейін Каспий түбімен энергетикалық кабель тарту туралы келісімге қол қойылғанын да ерекше айтты. Ал Қазақстан мұнайының бір бөлігі қазір Әзербайжан арқылы экспортталып отыр.

    Жуырда Қазақстанға жасаған сапарын еске алған Ильхам Әлиев Түркістан қаласының тарихи келбеті мен қазақстандықтардың мәдени мұраға деген қамқорлығына ерекше тәнті болғанын жеткізді. Сонымен қатар Ильхам Әлиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарабақты қалпына келтіруде көрсеткен қолдауына алғыс білдірді.

    Ильхам Әлиев Әзербайжан Республикасының Президенті: — Қарабақты қалпына келтіруге көрсеткен көмегі үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымызды білдіреміз. Физули қаласындағы Балалар шығармашылық орталығына қазақ халқының көрнекті перзенті Құрманғазының есімі берілген. Біз оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге аштық. Азат етілген аумақтарды қалпына келтіруге қолдау көрсеткен бауырлас қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз.

    Фото және дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →