Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін ұлттық мерекемен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам мерекесімен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықтың нығаятынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады. Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.
