Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Атыраудағы қонақүй өрті толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ • Рыбакина жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанады • Ресейде ер адам жұбайларды ұрлап, өлтіріп, мәйітін бөлшектеген • Элиталық тұқым үлесі 12%-ға жетті, 2,2 млн тонна тыңайтқыш қолданылды • Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Олимпиадасының плей-оффына шықты • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді •

    Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ

    Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ

    Фото: depositphotos.com

    Қазақстанда алма импортына уақытша тыйым салу ұсынылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Талқылау 8 шілдеге дейін жалғасады. Егер құжат қабылданса, шектеу 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, шектеуді 2026 жылдың 1 тамызы мен 31 желтоқсаны аралығында енгізу жоспарланып отыр.

    Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден де, үшінші мемлекеттерден де автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы әкелінетін алмаларға қатысты болады. Сонымен қатар бұл тыйым Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдарға және ЕАЭО елдері арасындағы Қазақстан арқылы өтетін алма жеткізіліміне қолданылмайды.

    Бұл шара отандық алма өндірушілерді қолдауға және өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шектеу әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдарға әкелмейді деп есептейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →