Криштиану Роналду Хорватиямен матчта жаңа рекордтар орнатты
Криштиану Роналду Хорватиямен матчта бірнеше рекорд орнатты: ең жасы ұлғайған гол авторы, құрамадағы ең көп матч, үздік бомбардир.
Фото: Federação Portuguesa de Futebol
Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Хорватияға қарсы ойында жаңа рекордтарға қол жеткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Роналду кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. Ол 68-минутта пенальтиді сәтті орындап, 81-минутта ауыстырылды.
Роналдудың жаңа рекордтары:
▪️ Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі ең жасы ұлғайған гол авторы және қатысушысы (41 жас 147 күн).
Жаңартылған рекордтары:
▪️ Ұлттық құрама сапында ең көп матч өткізген футболшы (232).
▪️ Құрамалар деңгейіндегі үздік бомбардир (146 гол).
▪️ Португалия тарихындағы Әлем чемпионаттарының үздік бомбардирі (11 гол).
