Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО)

    Президент Anadolu Group төрағасымен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group төрағасын қабылдап, инвестициялық ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды талқылады.

    Президент Anadolu Group төрағасымен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және экономиканың түрлі секторларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Президент холдинг құрамындағы Efes Kazakhstan және Coca-Cola Almaty Bottlers кәсіпорындарының елімізде көп жылдар бойы табысты жұмыс істеп, жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және салық түсімдерін арттыруға үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

    Камиль Сулейман Языджи Мемлекет басшысына компаниялар тобының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және жаңа инвестициялық бастамаларды қолға алу перспективалары туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, Anadolu Group 30 жыл ішінде 1 миллиард долларға жуық инвестиция салып, 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан. Компанияның сусын өндірісі бойынша 5 зауыты бар, сондай-ақ Ақтөбе облысында 100 миллион доллар инвестицияланған алтыншы кәсіпорынның құрылысы басталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіпті жаңғырту және жоғары қосылған құнды өнім өндірісін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Осы орайда Anadolu тобының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейтуге, соның ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі экспортқа бағдарланған, сондай-ақ инновацияларды енгізуге және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да салалардағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытатыны жөнінде айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →