Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандықтарға Республика күніне орай 50%-ға дейін жеңілдік жасалады • Солтүстік Қазақстан облысында екі орман өрті сөндірілді • Тоқаев Пешавардағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады • Нұрасыл Медеу Қазақ ұлттық спорт университетін мемлекетке сыйға тартты • Қазақстандықтарға Республика күніне орай 50%-ға дейін жеңілдік жасалады • Солтүстік Қазақстан облысында екі орман өрті сөндірілді • Тоқаев Пешавардағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады • Нұрасыл Медеу Қазақ ұлттық спорт университетін мемлекетке сыйға тартты •

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысында экономикалық өсім, инвестиция тарту және жаңа Конституция туралы айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Ол ең басты міндет – экономика мен саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды. «Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді. Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асып, аймаққа құйылған барлық қаржының шамамен 70 пайызын құрады. Осы экономикалық табыстарға негізінен саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Жалпыұлттық тарихи референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдадық, бұл құжат қазірдің өзінде халықтық Конституция ретінде танылды. Негізгі заңның бүгінгі отырыс қарсаңында күшіне енуі символдық мәнге ие. Жаңартылған конституциялық нормалар инвесторлар құқығын барынша жоғары деңгейде қорғайды», – деді Мемлекет басшысы.

    Президент халықаралық бизнес үшін тартымды заманауи институционалдық орта қалыптасқанына назар аударды. Инвестициялық рәсімдерді жеңілдету үшін «бір терезе» қағидатына сай қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. «Инвестициялық штаб қызметі жедел шешім қабылдауға және инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Бизнеске институционалдық кепілдіктермен бірге ұзақмерзімді нақты ынталандыру тетіктерін ұсынамыз. Бүгінде шетелдік кәсіпкерлер салықтық жеңілдіктер мен оңайлатылған көші-қон рәсімдері қарастырылған Altyn visa бағдарламасының артықшылығын пайдалана алады. Дегенмен біз мұнымен ғана шектелмейміз. Алдымызда ауқымды жұмыс бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →