Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Доллар бағамы қайта қымбаттады • Тоқаев Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетті Ұлттық күнмен құттықтады • Тоқаев қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллект рөлі туралы айтты • Бек Нұрмағанбет танымал рейтинг бойынша үздік бестікке енді • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған •

    Маңғыстау облысында 20 келіге жуық марихуана тәркіленді

    Маңғыстау облысында 20 келіге жуық марихуана тәркіленді

    Фото: Pixabay

    «Қарасора» және «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚК департаментінің 5-басқармасымен бірлесіп есірткі айналымына қарсы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Іс-шара нәтижесінде Ақтау қаласындағы базарлардың бірінің аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікті ұсталды.

    Тергеу барысында күдіктінің пайдаланған қоймасынан өсімдік тектес есірткі заттары табылып, тәркіленді. Сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен оларды қолдануға арналған құрылғылар анықталды.

    Жедел іс-шаралар барысында бұл дерекке қатысы бар тағы бір азамат ұсталды.

    Сот-сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат марихуана екені анықталды. Жалпы салмағы шамамен 20 келіні құрап, аса ірі мөлшерге жатқызылды.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта есірткі жеткізу арналары мен қылмыстың өзге де мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →