Фото: Pixabay
Өскеменде 22 маусым күні таңертең Абай мен Шәкәрім даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көлік аялдамасынан егде жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 06:45-те «102» арнасына №16 жедел медициналық жәрдем бригадасынан хабарлама түскен. Онда автобус аялдамасынан тіршілік белгілері жоқ ер адамның табылғаны айтылған.
«Қайтыс болған адамның 66 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған», – деп мәлімдеді полиция.
Ведомство мәліметінше, ер адамның өлімі жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін болған.
