Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: банк бөлімшелерінде кезек түзілді • Ақмарал Әлназарова: Ташкенттегі футболшы балалардың жағдайы тұрақты • Семейде 15 жастағы жасөспірім үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кетті • Шымкентте төрт айлық баланың башпайлары ампутацияланып, комаға түсті • ҚПЛ клубтарына бюджеттен 31,2 млрд теңге бөлінді: көш басында «Ордабасы» • Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады • «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды: банк бөлімшелерінде кезек түзілді • Ақмарал Әлназарова: Ташкенттегі футболшы балалардың жағдайы тұрақты •

    368 млн теңге ысырап: Павлодар әкімдігі гүлзардың бүкіл аумағын бетондауға тапсырыс берген

    368 млн теңге ысырап: Павлодар әкімдігі гүлзардың бүкіл аумағын бетондауға тапсырыс берген

    Фото: depositphotos.com

    Павлодардағы Орталық гүлзарды жөндеу барысында әкімдік 368 млн теңгені ысырап етпек болды, деп хабарлайды «24KZ-ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info. 

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, сметалық құжаттамаға көлемі 25 мың шаршы метрден асатын тротуар плиталарын төсеу жұмысы, сондай-ақ құны 368 млн теңгеден асатын дәл осындай көлемдегі бетон плиталарын сатып алу енгізілген. Бұл ретте гүлзардың жалпы аумағы – шамамен 25 мың шаршы метр. Ал оның құрамында көгалды тұстар, жасыл желектер, ағаштар мен ешнәрсе төсеуге болмайтын топырақты орындары бар. Жүргізілген өлшеулер нәтижесінде тротуар плиталарына нақты қажеттілік 9 мың шаршы метрден аспайтыны анықталды. Осылайша, жобада көзделген жұмыс көлемі мен материалдар нақты қажеттіліктен едәуір асып кеткен, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу қаупін тудырған.

    «Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Павлодар қаласының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік мүдделерді қорғау және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау бағытындағы жұмысын жалғастырады», – делінген хабарламада. 

    Дереккөз: 24.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →