Басты бет » Маңғыстауда балабақша директорының ұлы өзге балаларға пышақпен сес көрсеткен

Маңғыстауда балабақша директорының ұлы өзге балаларға пышақпен сес көрсеткен

Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысындағы балабақшалардың бірінде түсірілген жантүршігерлік бейнежазба тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Кадрлардан балабақша директорының ұлы ересектер тобында ұйықтап жатқан балаларды оятып, қолындағы кеңсе пышағымен сес көрсетіп жүргенін көруге болады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Өкінішке қарай, бұл жай ғана қорқыту емес, соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Облыстық білім басқармасы жүргізген тексеріс барысында директордың ұлы тәрбиеленушілердің біріне пышақпен жарақат салғаны ресми түрде расталды. Сұмдық оқиға осы жылдың сәуір айында болған. ең сорақысы — сол сәтте бөлмеде не тәрбиеші, не оның көмекшісі болмаған, бүлдіршіндер қараусыз қалған.

Оқиғадан кейін Қарақия аудандық білім бөлімі балабақша директорымен еңбек шартын дереу бұзды. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін директор мен топ тәрбиешісіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша айыппұл салынды.

Видео: kaz_live_news

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика