Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Ақтөбеде қатты дауыл тұрып, қала тұрғындарын әбігерге салды

    Ақтөбеде қатты дауыл тұрып, қала тұрғындарын әбігерге салды

    Фото: Видеодан скрин

    Бүгін Ақтөбеде ауа райы күрт нашарлап, екпінді жел мен нөсер жаңбыр қала тұрғындарын әбігерге салды, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Куәгерлердің айтуынша, қалада кенеттен басталған дауыл салдарынан желдің күші бірнеше нысанға зақым келтірген. Көпқабатты тұрғын үйлердің терезелері сынып, қарсы беттері құлап,  жарық сөніп, көшелердегі жарнамалық тақталар мен абаттандыру элементтері ұшқан.

    Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан қатты желдің ауыр жүк көлігін аударып тастағанын көруге болады. Сонымен қатар, ағаш бұтақтары сынып, жол қозғалысына кедергі келтірген.

    Қолайсыз ауа райына байланысты қала аумағында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелгені белгілі болды. Құзырлы органдар тұрғындарды аса сақ болуға, қажетсіз жағдайда сыртқа шықпауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

    Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірлерінде, оның ішінде Ақтөбе облысында да дауылды ескерту жарияланған. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі мүмкін.

    Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметі мен коммуналдық мекемелер дауыл салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

    Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ағаштардың, электр желілерінің және әлсіз бекітілген конструкциялардың маңында жүрмеуге кеңес береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →