Басты бет » Бағдаршам істемейді: Көкшетаудың кептеліске толы көшелері халықтың шыдамын тауысты

Бағдаршам істемейді: Көкшетаудың кептеліске толы көшелері халықтың шыдамын тауысты

Фото: видео скриншот

Көкшетау қаласының «Станция арты» (Застанционный) шағын ауданына кіреберістегі көпір маңында тағы да бағдаршам істемей қалды. ⁠Бұл жағдай жолда үлкен көлік кептелісін тудырып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, бұл тоғыс өте қауіпті әрі жанданып тұрған нүкте болса да, жауаптылар тарапынан ешқандай назар аударылмай келеді. Бағдаршамның жиі өшуіне не тоқтың жоқтығы, не құрылғының өздігінен бұзылуы себеп болады екен. Халық бұл жерде жол реттеушісінің де көрінбейтініне және электр қуатының күнделікті өшетініне наразы. Қалалық электр желілерінің тоқтаусыз жөндеу жұмыстары халықтың шыдамын әбден тауысты.

Ең сорақысы, бағдаршам сөнгенде бұл маңдағы қауіпсіздікті ешкім бақыламайды. Тұрғындар күнделікті осы азапты көруге мәжбүр болып отыр. Атқамінерлер бұл мәселені қашан қолға алып, халықтың жанайқайын естиді? Әзірге «Станция артының» жұрты жауапсыздық пен кептелістің құрсауында қалып отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика