Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Қазақстандық әкенің әйелін перзентханадан қарсы алуы желіде талқыға түсті

    Қазақстандық әкенің әйелін перзентханадан үйдегі тосынсыймен қарсы алуы әлеуметтік желіде қолдаушылардың жылы пікіріне ие болды.

    Қазақстандық әкенің әйелін перзентханадан қарсы алуы желіде талқыға түсті

    Сурет: sn.kz

    Қазақстандық ер адам жаңа туған қызымен перзентханадан шыққан жұбайын ерекше қарсы алып, әлеуметтік желі қолданушыларының жылы ықыласына бөленді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Көпшілік үйренгендей перзентхана алдында дабыралы қарсы алу ұйымдастырудың орнына, ер адам әйелін бірден үйіне алып келген. Ал үй ауласында жас отбасы үшін арнайы дайындалған әсерлі тосынсый күтіп тұрған. Аула безендіріліп, гүлден үлкен жүрек пішіні жасалған және «Қош келдің, қызым!» деген жазу орнатылған.

    Пікір қалдырғандардың көбі мұндай мерекені перзентхана алдында емес, үйде өткізген дұрыс екенін атап өтті. Пайдаланушылардың айтуынша, перзентхана қабырғасында тек қуанышты ата-аналар ғана емес, түрлі қиын жағдайды бастан кешіріп жатқан адамдар да болады. Сонымен қатар, әр отбасының салтанатты қарсы алу ұйымдастыруға мүмкіндігі бірдей емес. Сондықтан желі қолданушылары айналасындағыларға құрмет танытып, қуанышын қарапайым әрі мәдениетті түрде бөліскен азаматтың қадамын әдемі әрі үлгілі іс деп бағалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →