Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Өскемендегі тұрғындарының жанайқайы: «Радуга» аялдамасындағы өткел қайда кетті?

    Өскемендегі тұрғындарының жанайқайы: «Радуга» аялдамасындағы өткел қайда кетті?

    Фото: видеодан скрин

    Өскемен қаласының аудандары күн санап өсіп, кеңейіп келеді. Алайда мұндағы жол инфрақұрылымының жайы жергілікті жұртты әбден қажытқан сыңайлы. Әсіресе, «Радуга» аялдамасының маңындағы жағдай халықтың наразылығын тудырып отыр.

    Қазір бұл жерде жаяу жүргіншілер өткелі атымен жоқ. Ең жақын «зебраға» жету үшін адамдар екі бағытта да бір шақырымға жуық жаяу жүруге мәжбүр.

    Бұрын бұл учаскеде сұраныс бойынша жанатын бағдаршам жұмыс істеп тұрған еді. Кейіннен оны белгісіз себептермен демонтаждап, алып тастаған. Салдарынан тұрғындар қоғамдық көлікке міну үшін күнделікті өмірлерін қатерге тігіп жүр. Амалы таусылған жұртшылық «eOtinish» порталы арқылы бірнеше мәрте шағым түсірген. Бірақ құзырлы органдар тарапынан әлі күнге дейін ешқандай нақты нәтиже болмай тұр.

    Видео: vko.oskemen

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →