Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Тоқаев Головкинді Бокс даңқы залына енуімен құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануымен құттықтады. Боксшының спорттағы жетістіктері мен еліміздің имиджіне қосқан үлесі атап өтілді.

    Тоқаев Головкинді Бокс даңқы залына енуімен құттықтады

    Сурет: kznews.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде қабылдануымен құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Президент бұл оқиғаның қазақстандық боксшының әлемдік спорттағы орны мен мұрасының ерекше маңызын көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ Геннадий Головкиннің Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен оң имиджін нығайтуға зор үлес қосқанын айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Головкин – ел спортының даңқын асқақтатқан тұлға әрі Қазақстанның халықаралық спорт қауымдастығындағы беделді өкілі. Мемлекет басшысы әлемнің ең үздік боксшыларының бірі саналатын Головкиннің жетістікке жету жолы жас спортшыларға алдағы уақытта да жігер беріп, биік мақсаттарға ұмтылуға шабыттандыратынына сенім білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →