Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «AMANAT» пен «Әділет» партиясы қосылатын болды

    «AMANAT» пен «Әділет» партиясы қосылатын болды

    Фото: видеодан скрин

    Мұндай қаулы «AMANAT» партиясының кезекті XXVI Съезінде дауыс беру нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    — Елмен бірге өскен партия үшін тағы бір кезең аяқталып жатыр. Алға жылжу үшін батыл шешімдер керек. Ескіден арылмай, жаңаны құру мүмкін емес. Біз жақсы жұмыс істеп, барлық мақсат-міндетті орындағанымызды тағы бір атап өтейін. Ашығын айтқанда, халықпен адал және тіке диалог құрсақ та, бізді алдыңғы партиямен байланыстыратын кей пікірлер әлі де бар. Мұндай нәрсе үлкен тарихы бар кез-келген саяси күште болады. Сондықтан Мемлекет басшысы бірліктің маңызы жөнінде айтып жүрген қазіргідей шақта батыл шешім қабылдап, тарихымыздың жаңа парағын ашуымыз керек. Біздің партия әрдайым «өзгеріс өзімізден басталады» деген қағиданы ұстанады. Қазір уақыт талабына, мемлекет мүддесіне, қоғамның сұранысына сай қадам жасауымыз қажет. Бүгінде мемлекетке бөліну емес, бірігу нүктелері керек. Осындай жауапты сәтте ресурстарымызды жаңа саяси партия «Әділетпен» біріктіруіміз тиіс. Біз ұстанымдарымыз бен идеяларымыздан бас тартпаймыз, керісінше оларды күшейте түсеміз. Мүмкіндіктерімізді кеңейтеміз және дамудың жаңа кезеңіне өтеміз. Әлемдік тәжірибеде мемлекет мүддесі үшін партиялардың бірігуі тәжірибесі, мысалы көп, — деді Съезде Парламент Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов.

    Сонымен қатар, ол бұл шешім саналы саяси қадам екенін атап өтті.

    — «Аманат» — бабалардың өсиеті және келешек ұрпақтар алдындағы жауапкершілік. Ал «Әділет» — әділдік, яғни күшті әрі заманауи мемлекеттің негізі, — деді Ерлан Қошанов.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →