Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Қызылордада егінші өндірістік жарақаттан кейін сал болып қалды

    Қызылордада егінші өндірістік жарақаттан кейін сал болып қалды

    Фото: видеодан скрин

    Қызылорда облысы Қармақшы ауданында шаруа қожалығының жұмысшысы өндірістік жарақат алып, төсекке таңылды. 53 жастағы Анарбек Шарапатовтың омыртқасы мен жамбас сүйегі зақымданып, еңбекке жарамсыз болып қалғанына бір жылға жуық уақыт өткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info порталы.

    Оқиға былтыр күзде егіс алқабынан қайтып келе жатқанда болған. Зардап шегушінің айтуынша, жұмысшылар көлік жетіспегендіктен трактор тіркемесімен тасымалданған. Апат салдарынан ол ауыр жарақат алып, өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігінен айырылған.

    Еңбек инспекциясы арнайы тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаға жұмыс беруші 100 пайыз кінәлі деген қорытынды шығарған. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қожалық жұмысшыға өтемақы төлеуге міндетті.

    Ал шаруашылық заңгері жұмысшыларға арналған арнайы көлік болғанын, трактор тіркемесіне азаматтардың өз еркімен мінгенін мәлімдеді.

    Бес баланың әкесі бүгінде мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін жұбайының табысына күн көріп отыр. Зардап шегуші өтемақы өндіру үшін серіктестікті сотқа берген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →