Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • Тутберидзе Трусовамен бірге Қытайдағы Гран-приге аттанды • Жібек Құламбаева Ченнай турнирінде Жапония теннисшісін екінші рет жеңді • Латвия Ресейді әлемдік хоккейге жібермеу үшін Еуропа коалициясын құруда •

    Семей халқын үрейде ұстаған: Полиция ақша бопсалаған алты адамды қолға түсірді (ВИДЕО)

    Семей халқын үрейде ұстаған: Полиция ақша бопсалаған алты адамды қолға түсірді (ВИДЕО)

    Ішкі істер министрлігі Қазақстанның түпкір-түпкірінде ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтарды ұстап, оларды қамады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ұсталғандар арасында Абай, Павлодар және Алматы облыстарының тұрғындары бар. Қылмыстық топтың мүшелері қарапайым халықты, соның ішінде, студенттер мен жастарды қорқытып, ақша бопсалаған.

    «Мәселен, Абай облысында алты адам Семей халқынан ақша бопсалаған. Полиция ол топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Күдіктілердің бәрі ұсталды», — деп хабарлайды Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің ресми өкілі Қуандық Алпыс.

    Дәл осындай схема арқылы, яғни, өзінен әлсіздерді бопсалап, ақша тапқан тағы екі ер адам Павлодар облысында қолға түскен. Олар студенттерді қысымға алып, ақшаларын тартып алып отырған.

    Алматы облысында қолға түскен күдіктілер болса адамдарды әлеуметтік желі арқылы бопсалаған. Оларды тінту кезінде бума-бума ақша тәркіленген.

    Фото: видеодан скрин

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →