Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: qazaqyia.kz

Петропавл қаласында өз анасын пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты. Сотталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Сот материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға өткен жылдың 15 қазанында орын алған. Әйел өз үйінде анасының сол жақ кеуде тұсына асхана пышағын сұғып, ауыр дене жарақатын салған.

Сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Дегенмен, жәбірленуші тарап соттан қатаң жаза тағайындамауды өтінген. Айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындап, жасаған ісіне қатты өкінетінін айтты.

Нәтижесінде сот үкімімен әйел 9 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика