Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды

    ҰҚК жауап берді: «Назарбаев Университетінде» шпиондар бар ма?

    Nege.kz порталы «Назарбаев Университеті» (NU) мен оның басшылық құрамына қатысты бұған дейін бірнеше мақала жариялаған. Бұл жолы NU-ге қатысты жолдаған ресми сауалдарына ҰҚК-ден жауап келді, деп хабарлайды Qazaq.Today порталы.

    Портал журналистері ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың атына ресми сауал жолдап, төмендегі сұрақтарды қойды:

    1. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесінен шығарылды ма?

    2. «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Дэвид Меркельдің К.Мәсімовпен байланысы бар ма?

    3. К.Мәсімовті қорғау мақсатында ашылған karimmassimov.com сайтына Дэвид Меркельдің қандай қатысы бар? Бұл сайтты шығарушылар кімдер?

    4. Назарбаев Университетінің» басшысыл немесе оқытушылар құрамында жеке басы анықталмаған «күмәнді адамдар» бар ма?

    Осы сұрақтарға ҰҚК-нің бөлімше бастығы С.Ахметқалиев жауап берді.

    «К.Мәсімовтің «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесіндегі қоғамдық лауазымы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүйесіне кірмейді.

    Ашық дереккөз мәліметіне сәйкес karimmassimov.com сайты 2022 жылғы 16 ақпанда құрылған. Сайттың авторлық құқықтар бөлімінде АҚШ азаматы Дэвид Меркель көрсетілген.

    Басқа мәселелер бойынша мәліметтер жоқ екенін хабарлаймыз», — дейді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →