Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Елден кеткен ақша келген қаржыдан үш есе көп: қазақстандықтар миллиардтарды қай елдерге жіберіп жатыр?

    Елден кеткен ақша келген қаржыдан үш есе көп: қазақстандықтар миллиардтарды қай елдерге жіберіп жатыр?

    Қазақстандықтар шетелден ақша алғаннан гөрі, өзге елдерге әлдеқайда көп қаражат жібереді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.

    Қазақстан Ұлттық Банкінің 2026 жылғы сәуір айындағы мәліметіне сәйкес, елге шетелден 16,2 млрд теңге кірсе, Қазақстаннан сыртқа 55 млрд теңгеге жуық ақша жіберілген. Яғни, сыртқа кеткен қаражат көлемі елге келген ақшадан шамамен үш есе көп.
    Қазақстанға ең көп ақша Ресейден келген – 3,8 млрд теңге. Екінші орында АҚШ тұр, ол жақтан 2,7 млрд теңге аударылған. Үшінші орында Түркия – 2 млрд теңге. Сонымен қатар Өзбекстаннан 1,6 млрд теңге, Германиядан 1,3 млрд теңге, Оңтүстік Кореядан 722 млн теңге және Қырғызстаннан 5
    Бұл қаражаттардың басым бөлігі шетелде жұмыс істейтін немесе оқитын қазақстандықтардың туыстарына жіберген аударымдары болуы мүмкін.
    Ал Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша көлемі әлдеқайда жоғары. Көш басында Ресей тұр 20,9 млрд теңге. Өзбекстанға 13 млрд теңге, Түркияға 9,1 млрд теңге аударылған. Сондай-ақ Грузияға 3,8 млрд теңге, Қырғызстанға 1,7 млрд теңге, Әзірбайжанға 1,3 млрд теңге және Қытайға 1,2 млрд теңге жіберілген.
    Сарапшылар мұны Қазақстанның көрші елдермен тығыз сауда байланыстарымен, шетелде қызмет көрсетулер мен тауарлар үшін төлемдердің көптігімен, сондай-ақ еңбек мигранттарының өз елдеріне ақша аударуымен байланыстырады. Жалпы алғанда, сәуір айындағы деректер Қазақстанның ақша қабылдаушы елден гөрі, қаржыны шетелге көбірек шығаратын ел екенін көрсетіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →