Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Деректер қорғалған, өзі жұмыстан қуылды»: Еңбек министрлігіндегі «алаяқ» қызметкерге қатысты даудың егжей-тегжейі белгілі болды

    «Деректер қорғалған, өзі жұмыстан қуылды»: Еңбек министрлігіндегі «алаяқ» қызметкерге қатысты даудың егжей-тегжейі белгілі болды

    Фото: Pixabay

    Әлеуметтік көмек бөлімінде жұмыс істеген қызметкердің үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Министр ведомство ішіндегі ірі дауға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде лауазымды қызмет атқарған маманның алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікке ілінгені белгілі болды. Осыған байланысты ведомство басшылығы ресми түсініктеме беріп, аталған азаматтың қазіргі таңда жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

    «Маған бұл қызметкердің екі апта бойы себепсіз жұмысқа келмегені және еңбекке жарамсыздық парағын ұсынбағаны туралы ақпарат түсті. Еңбек кодексіне сәйкес, ол дереу жұмыстан шығарылды. Кейінірек оның үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды», — деді министрлік өкілі.

    Спикердің сөзінше, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс аясында зардап шеккендердің нақты саны, тағылған айыптар мен келтірілген шығын көлемі әлі жарияланған жоқ. Орталық аппарат тергеу мен алдағы сот процесін жіті қадағалап отыратынын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →