«Отбасын бұзды деген өтірік»: Жанель Серғазина өзіне тағылған айыптарға жауап берді

Фото: әлеуметтік желі

Актриса Жанель Серғазина әнші Еркеш Хасенмен отбасын қалай құрғанын айтып, көпшілік арасындағы сынға жауап берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Бұл туралы ол «Momsкий әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Актрисаның айтуынша, Еркеш Хасенмен танысқан кезде әнші өзін ажырасқан, басы бос адам ретінде таныстырған. Жанель Серғазина оның туыстарымен де кездесіп, бұл ақпараттың рас екенін білгенін айтты.

«Еркеш «мен ажырастым, басым бос адаммын» деді. Басы бос адам қайта өмір құра алады, үйленеді. Ол адамның жеке құқығы ғой. Мені туыстарымен таныстырды. Олар да ажырасқанын айтты. Содан кейін еркін араластық. Бір-бірімізді жақсы көрген соң отбасын құруға шешім қабылдадық. Мен басы бос адамға тұрмысқа шықтым. Үйленген, баласы бар адамның отбасын бұзды деген сөздер шындыққа жанаспайды», – деді актриса.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика