Жезқазғанда кәріз суы толған арықты тазартпай, топырақпен көме салған

Жезқазғанда кәріз суы толған арықты тазартпай, топырақпен көме салған

Жезқазған қаласында коммуналдық қызметкерлер кәріз суына толы шұңқырды тазартпастан, үстінен топырақ төсеп көміп тастады. Бейбітшілік көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Видеода жұмысшылардың суға толы арықты сораппен тазалаудың орнына, оны топырақпен жауып жатқаны анық байқалады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үй ойпатты жерде орналасқан. Осыған байланысты олар тазаланбаған кәріз суы үйдің іргетасы мен жертөлесіне зиянын тигізеді деп алаңдаушылық білдіруде. Тұрғындар бұл жағдай көктемде жер еріген кезде техногендік апатқа әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Оқиғаға қатысты Жезқазған қаласының әкімдігі мен басқа да жауапты мекемелер тарапынан әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Қала тұрғындары жергілікті биліктен мәселені шұғыл түрде шешуді және нақты жауап беруді күтіп отыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика