Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Ирандық жасөспірім асқазанында 1 келіден астам опиймен ұсталды • «Қазақ аруы – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды • «Түнімен ұйықтай алмадым»: Тұрсынбектің екінші әйелі денсаулығына қатысты жайсыз хабар айтты • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді •

    Шайдоровтың жалақысына қатысты министрлік мәлімдеме жасады

    Шайдоровтың жалақысына қатысты министрлік мәлімдеме жасады

    Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа жалақы қолданыстағы келісімшарттар мен халықаралық жарыстарға дайындық шарттарына сәйкес төленеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info cайты.

    Ведомствоның хабарлауынша, спортшыға 2026 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы жалақысы бұрын жасалған келісімшарт негізінде толық көлемде төленген. Дирекция мәліметінше, Миланда өткен Олимпия ойындарында алтын медаль жеңіп алғаннан кейін Михаил Шайдоровпен жаңа келісімшарт жасау жоспарланған.

    «2026 жылдың наурыз айынан бастап спортшының Миланда өткен Олимпия ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны ескеріліп, жаңа келісімшарт жасау жоспарланған болатын. Жаңа келісімшартта келесі олимпиадалық цикл аясындағы дайындық пен қаржыландырудың жаңартылған шарттары қарастырылған. Қазіргі уақытта келісімшарт талаптары тараптар арасында талқыланып жатыр», – деді Спортты дамыту дирекциясы.

    Ведомство мұндай тәжірибе жаңа олимпиадалық циклге дайындалатын барлық спортшыларға қатысты қолданылатынын атап өтті. Бұл ұзақ мерзімді мемлекеттік қаржыландыру жүйесіндегі қалыпты рәсім саналады. Сонымен қатар министрлік мемлекет тарапынан олимпиада чемпионына берілетін барлық қолдау толық орындалатынын жеткізді.

    «Мемлекет спортшыны олимпиадалық жетістігі үшін ынталандыруға қатысты өз міндеттемелерін толық орындайды. Олимпия ойындарының алтын медалін жеңіп алғаны үшін Михаил Шайдоровқа 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы төлеу, Алматы қаласынан үш бөлмелі пәтер беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өмір бойғы ай сайынғы мемлекеттік төлем тағайындау қарастырылған», – деп мәлімдеді дирекция.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →