Фото: АқЖайық
Атырау облысы Индер ауданында 29 мамыр таңертең жол апаты болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info АқЖайыққа сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сағат 06:30 шамасында Индер – Қарабау трассасының 15-шақырымында болған. Hyundai Sonata көлігі аударылып кеткен.
Көлікті 41 жастағы жүргізуші басқарған, ол және үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
