Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформа іске қосылды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформа іске қосылды

    Президент Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Президент Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы  Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

    Құрметті отандастар!

    Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

    Халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтады. Осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.

    Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең.

    Түптеп келгенде, біздің асыл дініміз де, еліміздегі басқа дәстүрлі діндер де халқымыздың рухани дамуына, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен қоғамдағы ынтымақ-бірліктің артуына негіз болып отыр.

    Бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ. Конституция – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, ұлттық бірегейлігіміздің өзегі. Сондықтан ел тұтастығын күшейту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мемлекет саясатының аса маңызды бағыты, конституциялық міндеті саналады.

    Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты.

    Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз. Мен бұған кәміл сенемін.

    Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт қабыл болсын!, – делінген құттықтауда.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →