Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумақты шарпыды Түркістанда ЭЫҰ бас прокурорлары интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды талқылады Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Петропавл маңында құрғақ шөп өртеніп, өрт ауқымды аумақты шарпыды Түркістанда ЭЫҰ бас прокурорлары интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды талқылады

    Нығматулин Атырау арқылы Бакуге ұшып кетті

    Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулин экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғаннан кейін наурыздың ортасында Қазақстаннан ұшып кетті.

    Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

    Дереккөзінің хабарлауынша, Нығматулин Нұр-Сұлтаннан Атырауға жеке ұшақпен барды. Содан кейін бірден Comlux компаниясының ұшағына мініп, баратын жері ретінде Баку қаласын таңдаған.

    Нығматулиннің елден осындай оғаш жолмен кетіп қалуы экс-спикердің ізін жасырмақ болғанын көрсетуі мүмкін.

    Ғаламтордан және дереккөзден белгілі болғандай, Нығматулиндер отбасының жеке ұшағы бар және ол онымен Дубайға, тіпті Лондонға да оңай ұша алатын.

    Алайда, оның айтуынша, Нығматулин осындай күрделі бағытты өзі тандаған. Алдымен Атырауды, кейін Бакуді таңдаған. Кейін Әзірбайжан астанасынан кез келген елге, бәлкім, басқа төлқұжатпен ұшуға мүмкіндік болатындай істеген.

    Бұған дейін Telegram арналарында Нығматулиннің қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын, бірақ ол расталмады.

    Шекара қызметінің базасында Нұрлан Нығматулин мен оның егізі Ерланға қатысты шектеу белгіленбеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →