Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер •

    Ақтөбеде қоқыстан шақалақ табылды

    Ақтөбеде қоқыстан шақалақ табылды

    Фото: Pixabay

    Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланы пакетке салып, қоқыс контейнері маңына лақтырып кеткен. Пакеттің жыбырлап жатқанын көрген ақтөбеліктердің бірі полицияға хабар берді, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    — Жаңа туған сәби пакет ішінен табылды. Нәресте полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта жаңа туған бала дәрігерлердің бақылауында. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Қазір шақалақ облыстық балалар ауруханасында жатыр.

    — Жаңа туған нәрестенің салмағы 2900 грамм. Ол жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Реанимация бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты ауыр. Барлық қажетті диагностикалық және емдеу шаралары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →