Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер •

    Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды

    Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оқиға 17 қазанда болып, бейнежазба Threads желісіне тараған.

    Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды

    Фото: Бейнеден кадр

    Астанада түнгі клубтың маңында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл әрекет бейнежазбаға түсіп, Threads әлеуметтік желісінде тараған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға 17 қазанда таңғы сағат 05:00 шамасында орын алған. Сот анықтағандай, А. есімді азамат түнгі клубтың жанында, көпшілік жүретін жерде кіші дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

    Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан. Ол сол кезде мас болғанын да жеткізген. Оның әрекеті Threads желісінде жарияланған бейнежазбамен расталған.

    Істі 21 қазанда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша «ұсақ бұзақылық» жасаған адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 5-тен 10 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

    Сот істің мән-жайын ескеріп, ер адамды кінәлі деп таныды және 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

    Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →