Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды •

    Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен 2 бүлдіршін құлап кетті

    Қарағандыда көпқабатты үйдің терезесінен 2 бүлдіршін құлап кетті
    Фото: istockphoto.com

    Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауына байланысты тағы бір қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2021 және 2024 жылы туған екі ұл бала ересектердің қарауынсыз қалып, бесқабатты үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

    «Түрлі жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға кезінде үйде ересектер болмаған», – делінген хабарламада.

    2026 жылдың басынан бері Қарағанды облысында балалардың терезеден құлауына қатысты 10 жағдай тіркелген.

    Өңірлік ТЖД ата-аналарға масаға қарсы торлардың баланы ұстап қала алмайтынын ескертті. Мамандар терезелерге арнайы бекіткіштер мен қорғаныс құрылғыларын орнатуға, терезе маңынан жиһаздарды алыстатуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →