Апта басында доллар қалай құбылды

Фото: Pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,34 теңгеге түсіп, 467,58 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 470,17 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 465,00 теңгеден сатып алынады, 472,00 теңгеден сатылады;

— еуро: сатып алу — 540,00 теңге, сату — 550,00 теңге;

— рубль: сатып алу — 6,09 теңге, сату — 6,40 теңге.

— юань: сатып алу — 67,44 теңге, сату — 73,01 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 467,81 теңгеден сатып алынады, 469,78 теңгеден сатылады. Еуро 544,29 – 549,36 теңге, ал рубль 6,23 – 6,37 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,35 теңгеден сатып алынады, 70,83 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 3,87 теңгеге түсіп, 470,17 теңге болды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика